Тимофей Скатов теннистен Қазақстанның екінші ракеткасы атанды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлдық 21 жастағы теннисші Тимофей Скатов әлемдік ATP рейтингісінде айтарлықтай серпіліс жасады. 3 қазан күні қазақстандық спортшы жекелей сында әлемнің ең үздік теннисшілері рейтингісінде 209-орынға тұрақтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Осылайша Тимофей Скатов Михаил Кукушкинді ATP-дағы қазақстандық теннисшілер рейтингісінде екінші орыннан үшінші орынға жылжытты. Қазіргі уақытта Скатовтың еншісінде 247 ұпай бар, ол соңғы аптада 24 ұпай жинады. Оған жас спортшының Португалия астанасы Лиссабон қаласында өткен «Челленджерде» сәтті өнер көрсетіп, жекелей сында жартылай финалға шығып, бірқатар танымал ойыншыларды жеңгені ықпал етті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz