СҚО-да учаскелік инспектор КамАЗ жүргізушісінен мылтық тәркіледі

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да учаскелік инспектор КамАЗ жүргізушісінен мылтық тәркіледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қызылжар ауданында учаскелік полиция инспекторы “Учаске” және “Астық” жедел-профилактикалық іс-шаралары шеңберінде егіс алқабында тексерісті жүзеге асырған. Тексеріс барысында КамАЗ автокөліктерінің бірінен 16 колибрлі тегіс ұңғылы “ИЖ-17” мылтығы мен оның 9 оқ-дәрісі тәркіленді. Жүк көлігінің жүргізушісі, 24 жасар жергілікті тұрғынның сөзінше, ол қару мен оқ-дәрілерді 4 күн бұрын егіс даласынан тауып, олжасы жайлы полицияға хабарлап үлгермеген. Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 482-бабымен материал жиналып, алынған мылтық сараптамаға жіберілді.

– Заң талаптарына немқұрайлы қараған жас жігіттің 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл төлеу жазасына тартылуы мүмкін. Жыл басынан облыс тұрғындарынан тіркелмеген қарудың 83 бірлігі алынды, оның 78-і тегіс ұңғылы, 3-і иір ойық және 2-і газ қаруы. Тұрғындарға заңсыз сақтауындағы қаруын тапсыруға кеңес береміз. Заңсыз сақтауындағы қаруды өз еркімен тапсыру – әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен құтқарады, – деп нақтылады СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Әлжанов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz