Петропавлда 25 маршруттың жүру бағытын өзгерту жоспарлануда

Авторы: Qyzyljar News

СҚО облыс орталығында 25М маршруттық автобустың жүру бағытын өзгерту жоспарлануда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қала әкімі Руслан Аңбаев жиналыста балалар жұқпалы аурулар бөлімі орналасқан жаңа модульдік жұқпалы аурулар ауруханасына бірде-бір автобус бармайтынына байланысты  мәселені талқылау үшін мекеме басшылығымен кездескенін айтты.

— Бұл тұрғындар мен аурухана қызметкерлері үшін өте қажет, — деп атап өтті қала басшысы.

Қазіргі уақытта қалада 25М маршутының он автобусы рейске шығып жүр. Аталған бағыттың жол жүру схемасын 10 қазаннан бастап өзгерту жоспарлануда. «СҚО Автокөлік одағы» қауымдастығының төрағасы Галина Семенованың айтуынша, бұл мәселені бекітетін ведомствоаралық комиссия тексеріс жүргізуі тиіс.

— Бұл шаралар көпсалалы аурухана қызметкерлерінің өтініші бойынша жасалынуда. Осы орайда тасымалдаушының маршрут сызбасын ішінара өзгерту мүмкіндігін қарастырдық, — деп түсіндірді Галина Семенова.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz