Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі коалиция құрылды

Авторы: Qyzyljar News

Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов партия съезінде елдегі кезектен тыс президент сайлауына Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсыну үшін халықтық коалиция құрылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ерлан Қошанов бұл шешімнің маңызына тоқталып, Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынатын басқа да партиялар, саяси бірлестіктер бар екенін атап өтті.

– Біз осы саяси бірлестіктермен бірігіп, Тоқаевты қолдайтын халықтық коалиция құру туралы келісімге келдік. Түскі астан кейін мемлекет басшысының қатысуымен үлкен форум өтеді, барлығымыз қатысамыз, — дейді Ерлан Қошанов.

Amanat партиясының 24-съезі алаңында Қазақстан Республикасы Әділет министрі Қанат Мусин қоғамдық бірлестіктердің бір кандидатты ұсынуына заңда тыйым салынбағанын айтты. 6 қазанда Amanat партиясы мен Қазақстан халықтық партиясы президенттікке Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды.

Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашаға белгіленген.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz