Петропавлдық еріктілер Мещан орманын қоқыстан тазартты. Табиғатты аялауға бағытталған іске қаладағы 9 колледжде білім алып жүрген 140-тан астам студент қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Шара барысында жастар тұрмыстық қалдықтарды жинастырып қана қоймай, оны сұрыптады. Пластик, шыны сынды заттар қайта өңдеуге жіберілді. Бұл акциядан кейін жастар “Таза бейсенбі” шарасы аясында облыс орталығын да жинастырды.
– Республикалық ауқымдағы экоакция жылына екі рет ұйымдастырылады. Көктем мен күзде өзен-көлдер мен ормандар қоқыстан тазартылады. Себебі, табиғатқа салғырт қарайтын, өзінен кейін қалған қоқысты жинамайтын жандар көп,- дейді қалалық жастар ресурстық орталығы жетекшісінің міндетін атқарушы Алина Айбасова.