10 қазанда елімізде Қазақстанның кәсіподақтар күні атап өтіледі. Алдағы атаулы датаға орай Петропавлда салтанатты іс-шара өтті. Онда жергілікті бірқатар сала өкілінің еңбегі еленді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Мереке қарсаңында «Пошта байланысы жұмысшыларының жергілікті кәсіподағы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Береке Шөпенова құрметке бөленді. Оған Кәсіподақтар федерациясынан жолданған “Кәсіподақтағы белсенді жұмысы үшін” медалі табысталды. Салтанатты іс-шарада «Абылай хан резиденциясы» музей кешенінің экскурсия жүргізушісі Назгүл Бейсембина да қошеметке бөленді. Ол 7 жылдан бері тарихи мекемеде еңбек етеді.
Жалпы, Қазақстан кәсіподақтары күніне арналған жиында 30-ға тарта жерлесіміз түрлі дәрежедегі марапатқа ие болды.
Фото: Qyzyljarnews.kz\Талғат Тәнібаев