Петропавл полицейлері адамдарды өрттен аман алып шықты

Авторы: Qyzyljar News

Петропавл полицейлері адамдарды өрттен аман алып шықты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Түнгі кезекшілікте жүрген патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторлары Әсет Сыздықов пен Артем Маренков “Береке” ықшам ауданын патрульдеу кезінде Волочаевский көшесіндегі жер үйден шығып жатқан түтінді байқаған. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары дереу адамдарды құтқару жұмыстарына көшкен. Бір айта кетерлігі полицейлер келген бетте ауладағы қора-қопсы өртке оранып, от үйдің шатырына ауған. Үйдің ішін түтін жайлап, электр жарығы болмаған.

Көшеге шыққан абыржыған әйел полицейлерге екінші қабатта күйеуінің қалғанын, бірінші қабатта жасына байланысты ақырын қозғалатын қария бар екенін айтқан . Жасөспірім қыз бұл уақытта сыртқа шығып үлгеріпті. Түтінге тұншыққан патрульдік полицей Әсет Сыздықов дереу адамдарды эвакуациялауға көшсе, Артем Маренков жарылыс болмас үшін газ балонын көшеге алып шыққан. Бұл кезде өрт сөндірушілер де келіп жетіп, дереу өртті ауыздықтауға көшкен.

– Бұл бар болғаны біздің жұмысымыз. Адамдарға көмектесу – біздің міндетіміз, – дейді полиция қызметкері Әсет Сыздықов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz