СҚО әкімі «Максимальный размах» серіктестігі цехінің жұмысымен танысты

Авторы: Qyzyljar News

Соңғы жылдары өңірдің азық-түлік өндірісінің әлеуеті артып келеді. 2017 жылы облыс кәсіпорындары  құны 98 млрл. теңге болатын тауар шығарса, былтыр оның көлемі 168 млрд. теңгеге бағаланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өткен сегіз айдың қорытындысы бойынша жергілікті кәсіпкерлер 136 млрд. теңге пайда тапқан.  Жақында «Максимальный размах» серіктестігі жаңа цехі іске қосқан болатын. Құмар Ақсақалов өндіріс ошағын аралап, мұндағы азық-түлік өнімдерінің дайындалу барысын көрді. Кәсіпорынның директоры Максим Калининнің айтуынша, алға қойған жоспарлар ауқымды.

– Серіктестігіміздің тауары жоғары сұранысқа ие. Қыркүйек айында өндіріс ошағымызда дайын өнімнің 240 тоннасы әзірленді. Жаңа цехіміз толық қуатпен қарашада жұмыс істей бастайды. Осылайша азық-түлік көлемі 2 жарым есеге артып, айына 700 тоннаны құрамақ. Қазіргі таңда бізде 138 адам еңбек етеді. Жыл соңына дейін олардың саны 250-ге дейін жетеді. Орташа жалақы – 300 мың теңге, – деді серіктестік директоры Максим Калинин.

Кәсіпкер өз қаражаты есебінен 1,3 млрд. теңгеге еуропалық талаптарға сай келетін заманауи қондырғыларды сатып алған. Бүгінгі күні бұл шетелдік құрал-жабдықтардың арқасында ол өндіріс көлемін арттыруда көздеп отыр. Бизнеске жергілікті атқарушы билік өкілдері тарапынан да көп көңіл бөлінді.

– Осыдан екі жыл бұрын Максим Калининмен тілдесіп, ол жаңа цех ашуды жоспарлап отырғанын айтты. Бұл бастама облыс әкімдігі тарапынан қолдау тапты. Біз кәсіпкерге көмек ретінде өндіріске қажетті инфрақұрылым желілерін тарттық. Шамамен бұл мақсатқа мемлекет есебінен 49 млн. теңге жұмсалды. Өткен жылы бизнесмен 26 млн. теңге көлемінде салық төледі. Биыл бұл сома 100 млн. теңгеге дейін жетеді деп күтілуде, – деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

«Максимальный размах» серіктестігі алдағы уақытта өнімін Ресей мен Қытай мемлекеттеріне экспорттауды көздеп отыр.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz