СҚО әкімі «Солтүстік фанер комбинаты» құрылысының жұмысымен танысты

Авторы: Qyzyljar News

СҚО әкімі «Қызылжар» арнайы экономикалық аймағында салынатын тың өндіріс орнына барды. Әзірге мұнда 30 жыл бұрын тұралап қалған ескі ғимараттың қаңқасы тұр. «Солтүстік фанер комбинатын» тұрғызған түркиялық инвестор осы аумақты игеріп, ДСП мен ЛДСП материалдарын шығаруды қолға алмақшы, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.   

– Өткен жылы Петропавлда ламинатталған фанер шығаратын кәсіпорын 2 млрд. теңгенің тауарын алыс-жақын шет елдерге саудалады. Қазіргі күні өнім көлемі 3 млрд. теңгеге дейін жетті. Бастапқыда комбинатта 160 адам еңбек етсе, бүгінгі күні олардың саны 300 жергілікті тұрғынды құрады. Бұдан бөлек, іскер азамат қызметкерлеріне арналған 60 орындық жатақхананы тұрғызуды қолға алды. Алдағы жылдары ДСП мен ЛДСП материалдарын шығаратын зауытты іске қосатын ойы бар, – деген Құмар Іргебайұлы жаңа өндіріс ошағы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосатынына сенімді.

«Солтүстік фанер комбинаты» серіктестігі директорының орынбасары Айваз Бакировтың сөзінше, жыл соңына дейін жаңа зауыттың қабырғалары тұрғызылып, шатыры жабылады. Келер жылы ғимаратқа түркиялық және қытайлық қондырғылар жеткізіліп орнатылады.

– Қыс уақытында зауыт ғимаратының ішкі құрылысы жасақталады. Қондырғыларды орнатқаннан соң, 2024 жылы кәсіпорынды іске қосамыз деп ойлаймын. Жобаны жүзеге асыру үшін 8 млрд. теңге көлемінде инвестиция құйылады. Тұрақты жұмыспен 300 адам қамтылады. Біз фанер комбинатынан қалған қалдықтарды ДСП және ЛДСП материалдарын жасауға қолданамыз, – деді Айваз Бакиров.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz