Петропавлда жеңіл цинкталған металл шығаратын зауыттың құрылысы басталады

Авторы: Qyzyljar News

Биыл «Қызылжар» арнайы экономикалық аймағында жеңіл цинкталған металл шығаратын зауыттың құрылысы басталмақшы. Бұл өндірісті «ЛСТК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қолға алғалы отыр, хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ресейдің Липецк қаласынан келген инвестор жобаны жүзеге асыруға 2 млрд. теңге көлемінде инвестиция құймақшы. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың айтуынша, жаңа кәсіпорын ашылса, тауарлы-сүт фермаларын тұрғызу жұмыстары қарқын алады.

– Аудандарда тауарлы-сүт фермаларын тұрғызуға 2 жылға жуық уақыт кетеді. Мұның басты себебі – құрылыс материалдарының денінің шетелден жеткізілуінде. Ол әрине көп уақытты алады. Егер фермалардың қабырғаларын тұрғызатын цинкталған металл облыста шығарылса, біздің шаруалар кешендерді небәрі бір жылдың ішінде сала алады, – деді Құмар Іргебайұлы.

Бүгіндері ТМД елдерінде цинкталған металл шығаратын 4-ақ зауыт бар. Оның дені Ресей, Беларуссия мемлекеттерінде шоғырланған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz