СҚО сауда департаменті әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке қатысты мәселелер бойынша азаматтардың өтініштерін қабылдау үшін call-орталық құрды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
— Егер сіз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің қымбаттаған бағасына, тауар бағасының болмауына, тауарда көрсетілген бағаның сәйкессіздігіне және дүкендерде, базарларда, супермаркеттерде және басқа да ұйымдасқан сауда орындарында кассада төлеу кезінде тап болсаңыз, сізден сауда департаментінің call-орталығына қоңырау шалуыңызды немесе Whatsapp-қа жазуыңызды сұраймыз,- делінген департаменттің баспасөз қызметі жариялаған ақпаратта.
Өтініштерді қабылдауға арналған телефон нөмірлері: 8 (7152) 460094, 87477353642. Call-орталықтың жұмыс уақыты: 9.00 — ден 19.00-ге дейін, дүйсенбіден жұмаға дейін. Келіп түскен барлық өтініштер ;едел тәртіппен қаралатын болады. Бұзушылықтар болған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданатын болады.