Президент сайлауына кандидат ретінде кімдер ұсынылды

Авторы: Qyzyljar News

Елімізде 20 қарашада кезектен тыс президент сайлауы өтеді. 7 қазан 20.00-дегі жағдай бойынша Мемлекет басшысы лауазымына 5 кандидат ұсынылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Партиялар мен қоғамдық ұйымдардан Мемлекет басшысы лауазымына барлығы 5 кандидат ұсынылды. Президенттікке алғашқы үміткер «Ауыл» партиясының өкілі болды. 30 қыркүйекте өткен кезектен тыс ХХ съезінде партия төрағасы Әли Бектаев кезектен тыс саяси кеңестің шешімі бойынша президент сайлауына үміткер ретінде Қазақстан фермерлер қауымдастығының басқарма төрағасы Жигули Молдахалықұлы Дайрабаев ұсынылатынын айтты. Съезге қатысқан делегаттар Жигули Дайрабаевтың кандидатурасын бірауыздан мақұлдап дауыс берді. Орталық сайлау комиссиясына Жигули Дайрабаев құжаттарын тапсырды.

1 қазан күні Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Астана қалалық филиалының төрағасы Нұрлан Сатыбалдыұлы Әуесбаевты кезектен тыс президент сайлауына кандидат ретінде ұсынды. Ол бүгін Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын өткізді.

3 қазанда «Аманат» Қазақстан кәсіподақтар достастығы» республикалық бірлестігі президенттікке кандидат ретінде «Астана» халықаралық ғылыми кешені Экономикалық зерттеулер институтының басшысы Мейрам Қажыкенді ұсынды. Мейрам Қажыкен де Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды.

6 қазанда қолдаушылар форумында халықтық коалиция Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына ұсынды. Форумға AMANAT, «Ақ жол», Қазақстан Халық партиясы секілді саяси партиялардың және 30-дан астам республикалық қоғамдық ұйымның өкілдері қатысты. Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды.

7 қазанда «Кәсіби әлеуметтік жұмыскерлер Ұлттық альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігі Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына кандидат ретінде Қарақат Жақсылыққызы Әбденді ұсынды.

21 қазан аралығында кандидаттың Конституция және Конституциялық заң талаптарына сәйкестігі анықталады. Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмысы 21 қазан мен 18 қараша аралығында өтеді. Үгіт жүргізу 18 қараша күні сағат 18:00-де тоқтатылады. 19 қараша — сайлау алдындағы тыныштық күні, ал 20 қараша — дауыс беру күні.
Сайлау 20 қараша күні таңғы сағат 07:00-де басталып, 20:00-ге дейін жалғасады. 21 қараша мен 27 қараша аралығында алдын ала қорытынды шығарылады. 27 қараша күні нәтижелерді белгілеу және сайланған президентті тіркеу өтеді. Айта кетейік, Қазақстан Республикасы Президенті сайлауы бюллетеньдерінде «Барлығына қарсымын» графасы болады. Яғни сайлаушылар барлық кандидатқа қарсы дауыс бере алады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz