«Ауыл» партиясынан кандидат Жигули Дайрабаев талаптарға сай — ОСК

Авторы: Qyzyljar News

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров комиссия отырысында Қазақстан Республикасы президенттігіне үміткер Жигули Дайрабаевтың талаптарға сай екенін мәлім етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Асылбек Смағұлов Жигули Дайрабаевты Қазақстан Республикасы президенттігіне «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы ұсынғанын айтып, үміткердің ОСК қарауына қандай құжаттар тапсырғанын атап шықты.

Сондай-ақ ол кандидат Жигули Дайрабаевқа қатысты Сайлау туралы Конституциялық заңның 59-бабының талаптарына сәйкес Орталық сайлау комиссиясы уәкілетті мемлекеттік органдарға тиісті сұрау салулар жіберілгенін хабарлады.

– Қазақстан Республикасы президенттігіне кандидат Жигули Молдақалықұлы Дайрабаевтың Қазақстан Республикасы Конституциясында және Қазақстан Республикасы Сайлау туралы Конституциялық заңында оған қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау туралы хаттамаға қол қойылды. Осылайша Орталық сайлау комиссиясы республика президенттігіне кандидат Жигули Молдақалықұлы Дайрабаевтың Конституцияда және Қазақстан Республикасы Сайлау туралы Конституциялық заңда оған қойылатын талаптарға сәйкес екендігін анықтады, – деді ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz