Петропавлда соңғы 4 жылда жастар саны шамамен 4 мыңға кеміген

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда соңғы 4 жылда жастар саны шамамен 4 мың адамға кеміген. Олардың бірі көшіп кетсе, енді бірі «жастар» санатынан шыққан, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавл қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Азат Ибраевтың айтуынша, Петропавлда қазіргі уақытта жастар санатына жататын 36,1 мың адам бар. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 4 мыңға жуық адамға аз. Ал 15 пен 29 жас аралығындағы 564 жас еш жерде оқымайды және жұмыс істемейді.

– Жастар мәселесі басты назарда. Осыған байланысты жыл сайын облыс орталығында мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар жүзеге асырылып, оған жастар белсенді қатысып келеді. Петропавлдың кәсіпорындарына экскурсиялар ұйымдастырылып, жас кәсіпкерлермен кездесулер өткізіледі. Түзету мекемелерінен босап шыққан, есепте тұрған жастармен жеке жұмыстар жүргізіледі. Жастар ресурстық орталығы жұмысқа орналасу бойынша кеңестер беріп, жыл басынан бері жүзден астам қыз-жігіт халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа тұрды, — дейді Азат Ибраев.

Маманның пікірінше, NEET санатындағы жастардың жұмысқа орналаса алмауының негізгі себептерінің бірі — көпшілігінде жұмыс берушімен жұмысқа орналасу кезінде қажет мінез-құлық дағдылары жоқ. Сондықтан осы санатпен жұмыс оларды әлеуметтік өмірге бейімдеуге, мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттандыруға, қайта оқыту және кәсіптік оқыту мүмкіндіктері туралы кеңестер өткізуге, жұмыс іздеу және қайда жүгіну керектігі жөнінде кеңес беруге бағытталған.

Жалпы жыл басынан Петропавлда 200-ге жуық жас «Бастау бизнес» арқылы кәсіпкерліктің негізін үйренсе, 22-сы мемлекеттік грантты алып, өз кәсібін бастап кеткен. 200-ге жуық адам «Жастар тәжірибесі» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасса, 150 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz