Петропавл студенттері Мещан орманында бір тоннаға жуық қоқыс жинады

Авторы: Qyzyljar News

Қаладағы жазғы сауық-сауран мен серуен маусымы аяқталып, экобелсенділер қоғамдық бастама көтеріп, ормандардағы тазалық жұмыстарын бастап кетті деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Орманды тазалау жұмыстарына қатысқан жастар ұйымшылдық танытып, ерінбей жұмыс істеп, айналаны таза ету үшін барын салды.»Петропавл қаласы әкімдігінің Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысының міндетін атқарушы Алина Айбасованың айтуынша, ерікті балалар петропавлдықтардың сүйікті демалыс орындарын үнемі тазалап отырады.

Жастар алдымен көктемде-жаппай демалу және пикник маусымы басталғанға дейін, кейіннен күзде, сол маусымның жабылуынан кейін табиғатқа қамқорлық көрсетіп, қоқыс жинайды. Мұндағы еріктілер тегін жұмыс істеп, өздеріне жүктелген міндетті абыроймен орындайды. Мұндағы экобелсенділердің бәрі де қаламыздағы оқу орындарының студенттері. Жалпы бұл күні бірнеше сағат ішінде еріктілер 50 қап жинады. Бұл шамамен бір тонна қоқыс.

Фото: Qyzyljarnews.kz\Талғат Тәнібаев

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz