Көпқабатты үйдің төбесіндегі өрттің салдарынан Петропавлда 50 адам эвакуацияланды

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда 9 қабатты тұрғын үйдің төбесінде өрт болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, сегіз жарымда көпқабатты үйдің төбесінде битум өртеніп кеткен. Құтқарушылар екі кіреберістен 50 адамды, оның ішінде 20 баланы эвакуациялады.

Өрттің ауданы төрт шаршы метрді құрады. Өрттің алдын ала себебі- өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу. Өртті сөндіруге қаланың екі өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамынан 21 адам қатысты. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері өрт болған күнніңкешінде үйдің төбесінде қандай жұмыстан жүргізілгенін анықтауда.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz