Петропавлда патрульдік полицейлер із-түзсіз жоғалған әжейді тапты

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлда патрульдік полицейлер Астанадан қонаққа келіп, адасып кеткен 70 жастағы әжейді туыстарына табыстады. Ұмытшақтығы бар зейнеткер бағдарсыз көше кезіп, белгісіз біреулердің көлігіне отырған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 9 қазан күні болған. Сағат 12:30 шамасында Петропавлдағы «102» арнасына қала тұрғынынан хабар түсті. Ол Жұмысшы кентінің Караванная көшесінде адасып қалған және кім екенін айта алмаған әжейдің келіп оның көлігіне отырғанын хабарлады. Оқиға орнына патрульдік полиция батальонының жақын жердегі экипажы жіберілді. Кейін анықталғандай, 70 жастағы әйелдің есте сақтау қабілеті төмендеген. Жеке құжаттарын тексеру кезінде оның Астанада тіркелгені анықталды. Ал Петропавлға не себептен келгенін айтып түсіндіре алмады.Полицейлер патрульдік көлікте зейнеткердің телефонын қуаттап, соңғы нөмірлерге қоңырау шалды.

Зейнеткер Қызылжар ауданындағы туысқандарына қонаққа келген. Алайда, көп ұзамай ұшты-күйлі жоғалған. Бұл уақытта аудан орталығында оны туыстары іздей бастаған. Тәртіп сақшылары бір жарым сағаттан кейін әжені абыржыған сіңлісіне аман-есен тапсырды.Полицейлер мұндай оқиға қайталанбас үшін есте сақтау қабілеті төмендеген туыстарының қолына әрдайым қуатталған ұялы телефон ұстатуға кеңес береді.Сондай-ақ, жоғалған адамның жеке басын және туыстарын тез анықтау үшін байланыс деректері бар жазбаны қалталарына салып қойған жөн.

СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының мәліметінше, жыл басынан облыс полициясына із-түссіз жоғалғандарға қатысты 402 өтініш келіп түскен. Бүгінгі күні 396 адам табылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz