Мысырда өткен пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында ұлттық құраманың мүшелері 14 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды спорттық даярлау орталығы» МКҚК мәліметінше, Александрия қаласында көру қабілеті бұзылған спортшылар арасында IBSA пара пауэрлифтингтен әлем чемпионаты аяқталды.
«Мүмкіндігі шектеулі жандарды спорттық даярлау орталығы» КММ командасының жетекшісі Ұлан Әнуардың айтуынша, жарысқа әлемнің 8 елінен 50-ден астам спортшы қатысты. Қазақстанның атынан 8 спортшы барып, оның жетеуі жүлделі орындарға ие болды
Чемпионат нәтижесінде пара пауэрлифтингтен Қазақстан құрамасы 14 медаль жеңіп алды: төрт алтын, алты күміс және төрт қола. Мадияр Жанысбаев (60 кг. дейін) ардагерлер арасында: триатлоннан 1 орын және стендтік пресстен 1 орын; ересектер арасында: триатлоннан 2 орын және стендтік пресстен 2 орын алды.
Михаил Ткач (56 кг. дейін) ересектер арасында: триатлоннан 2 орын және стендтік пресстен 2 орын, Андрей Москалев (82,5 кг. дейін) ардагерлер арасында: триатлоннан 1 орын және стендтік пресстен 1 орын; ересектер арасында: жалпы триатлоннан 3 орын және стендтік пресстен 3 орын еншіледі
4) Әсімжан Хапузов (82,5 кг. дейін) ардагерлер арасында: жалпы триатлоннан 2 орын және стендтік пресстен 2 орын, Данияр Әбілханов (110 кг. дейін) ересектер арасында: жалпы триатлоннан 3 орын және стендтік пресстен 3 орын, Қанатбек Санжар (75 кг. дейін) ересектер арасында: триатлоннан 2 орын және стендтік пресстен 3 орын иеленді. Ал Игорь Коновалов (100 кг. дейін) ересектер арасында: стендтік пресстен 2 орынға, ардагерлер арасында: жалпы триатлоннан 2 орын және стендтік пресстен 2 орынға табан тіреді.