Қазақстан құрамасы пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында 14 медаль жеңіп алды

Авторы: Qyzyljar News

Мысырда өткен пара пауэрлифтингтен әлем чемпионатында ұлттық құраманың мүшелері 14 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің «Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды спорттық даярлау орталығы» МКҚК мәліметінше, Александрия қаласында көру қабілеті бұзылған спортшылар арасында IBSA пара пауэрлифтингтен әлем чемпионаты аяқталды.

«Мүмкіндігі шектеулі жандарды спорттық даярлау орталығы» КММ командасының жетекшісі Ұлан Әнуардың айтуынша, жарысқа әлемнің 8 елінен 50-ден астам спортшы қатысты. Қазақстанның атынан 8 спортшы барып, оның жетеуі жүлделі орындарға ие болды

Чемпионат нәтижесінде пара пауэрлифтингтен Қазақстан құрамасы 14 медаль жеңіп алды: төрт алтын, алты күміс және төрт қола. Мадияр Жанысбаев (60 кг. дейін) ардагерлер арасында: триатлоннан 1 орын және стендтік пресстен 1 орын; ересектер арасында: триатлоннан 2 орын және стендтік пресстен 2 орын алды.

Михаил Ткач (56 кг. дейін) ересектер арасында: триатлоннан 2 орын және стендтік пресстен 2 орын, Андрей Москалев (82,5 кг. дейін) ардагерлер арасында: триатлоннан 1 орын және стендтік пресстен 1 орын; ересектер арасында: жалпы триатлоннан 3 орын және стендтік пресстен 3 орын еншіледі

4) Әсімжан Хапузов (82,5 кг. дейін) ардагерлер арасында: жалпы триатлоннан 2 орын және стендтік пресстен 2 орын, Данияр Әбілханов (110 кг. дейін) ересектер арасында: жалпы триатлоннан 3 орын және стендтік пресстен 3 орын, Қанатбек Санжар (75 кг. дейін) ересектер арасында: триатлоннан 2 орын және стендтік пресстен 3 орын иеленді. Ал  Игорь Коновалов (100 кг. дейін) ересектер арасында: стендтік пресстен 2 орынға, ардагерлер арасында: жалпы триатлоннан 2 орын және стендтік пресстен 2 орынға табан тіреді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz