Петропавлдағы ипотекалық үйлердің мәселесі қалай шешілмек?

Авторы: Qyzyljar News

Петропавл әкімдігінде «Орталық» шағынауданындағы ипотекалық үйлер қашан коммуникациялық желілерге қосылатыны айтылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған шағынауданда жеті үй салынуда, соның үшеуінің құрылысы аяқталуға жақын. Бүгінгі таңда сыртқы инженерлік желілерді тарту жұмыстары, оның ішінде жылу және электр қуаты және кәріз желілері тартылып, үш үйге абаттандыру жұмыстары жүргізілуде.

– «Энерджи Тараз» ЖШС мердігер болып табылады. 397,8 млн теңгеге шарт жасалды. 2021-2022 жылдары 133,4 млн теңге игерілді. Жылумен жабдықтау желілерін монтаждау – 90, сумен жабдықтау – 70,  абаттандыру – 15 пайызға орындалды. Потстанция мен сорғы станциясын салу үшін жабдықтар сатып алынуда. Инженерлік желілерді тарту жұмыстары қараша айының соңына дейін аяқталады, – деп түсіндірді қалалық әкімдікте.

Мемлекеттік органның мәліметінше, үш үйдің біреуі бойынша «Отбасы банкте» байқау өткізілген. Енді тұрғындар оның  пайдалануға берілуін күтуде. Қоныстану инженерлік коммуникациялар толық тартылғаннан кейін ғана мүмкін болады.

Петропавлда барлығы 46 көпқабатты тұрғын үй салынуда, соның 22-сі бюджет қаражаты есебінен тұрғызылып жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz