«7-20-25» бағдарламасына балама ретінде жаңа ипотекалық бағдарлама әзірленуде

Авторы: Qyzyljar News

«7-20-25» бағдарламасына балама ретінде жаңа ипотекалық бағдарламаны іске қосу жоспарланып отыр. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Министр жақын арада жаңа ипотекалық бағдарламаны таныстыру жоспарланып отырғанын айтты.

– Оны таяу уақытта таныстырамыз. Яғни ол құжат заң аясында қарастырылып жатыр. Ең бастысы, бағдарлама бойынша бастапқы жарна мен 7 пайыздан аспайтын қолайлы мөлшерлеме ескерілуі керек. Атап айтқанда, біз 7 пайыздан аспайтын деңгейді белгілеуге тырысамыз, — дейді ведомство басшысы.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы әкімдігі «Алматы жастары» бағдарламасы бойынша қосымша іріктеу болатынын хабарлаған еді. Ведомствоның мәліметінше, бұл жолы бағдарламаға 2022 жылғы 18 мамырдан 1 маусымға дейін өтініш берген, бірақ құжаттың дұрыс толтырылмауына, рәсімделмеуі мен берілмеуіне байланысты өтпеген өтініш берушілер ғана қатыса алады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz