Президент сайлауында қазақстандықтар Ресейдің бес қаласында дауыс бере алады

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстандықтар Ресейдің бес қаласында республика президентін сайлауда дауыс бере алады. Бұл туралы Мәскеудегі елшіліктің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

– 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары 265 сайлау учаскесі жұмыс істейтін Ресейдегі Қазақстан елшілігінде дауыс беруге қатыса алады. Сондай-ақ Қазақстан азаматтарына республиканың Санкт- Петербург, Қазан, Астрахань және Омбы бас консулдықтарындағы учаскелерде жергілікті уақыт бойынша сағат 07.00-ден 20.00-ге дейін дауыс беруге болады. Сайлау учаскесіне барған қазақстандықтардың төлқұжаты немесе жеке куәлігі болуы керек,- делінген елшілік хабарламасында.

Сондай-ақ сайлаушылар тізіміне енгізу үшін елшіліктің сайтында орналастырылған арнайы нысанды толтыру шарт.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz