СҚО-да 61 жастағы ер адам 20 күннен бері табылмай жатыр

Авторы: Qyzyljar News

Петропавл тұрғыны Юрий Волосников із-түссіз жоғалды. Үйінен шығып кеткен ер адамнан 20 күннен бері хабар жоқ, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары із-түссіз жоғалған 61 жастағы Юрий Анатольевич Волосниковке іздеу жариялады. Петропавл тұрғыны 24 қыркүйекте Кәрім Сүтішев көшесіндегі үйінен шығып кетіп, бүгінге дейін оның қайда жүргені белгісіз.

Сол күні ер адамның үстінде қоңыр түсті жеңіл күртеше, көк түсті джинсы болған. Бойы шамамен – 160 см, арықша келген.Іздеу жұмыстарына солтүстікқазақстандық полиция бөліністерінің жеке құрамы айналысуда. Волонтерлер әлеуметтік желілерде бағыт-бағдар таратып, іздеу іс-шараларына көмектесіп жатыр. СҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Марат Жұмалиевтың айтуынша, жыл басынан облыста адамдардың із-түзсіз жоғалғаны туралы 432 өтініш тіркелген. Бүгінгі таңда 426 адамның жүрген жері анықталды.

Полицейлер жоғалған адам туралы қандай да бір ақпарат болса, мына 8 (7152) 49-39-49, 8 (7152) 49-30-74, 8-700-580-08-02 телефон нөмірлеріне немесе «102» арнасына хабарласуды сұрайды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz