Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің алтыншы саммиті басталды

Авторы: Qyzyljar News

Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің алтыншы саммиті өз жұмысын бастады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жақында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров биылғы саммитке 50-ге жуық делегат келетінін айтқан еді. Жоғары деңгейдегі кездесу АӨСШК шақыру туралы бастаманың 30 жылдығына орайластырылып, Қазақстанның төрағалығымен өтеді. Саммитке мүше мемлекеттердің, байқаушы елдер мен ұйымдардың, серіктес ұйымдардың бірінші басшылары шақырылды.

Азия кеңесінің саммиті пандемиядан кейінгі кезеңде Қазақстанда ғана емес, жалпы континентте де аса ауқымды саяси оқиғалардың біріне айналады деп айтуға болады. Осы саммит қазақстандық төрағалықтың басты іс-шарасы, оның ішінде еліміздің төраға ретіндегі екі жылдық жұмысы қорытындыланады.Саммит барысында бірқатар құжаттар мен шешімдер қабылдау жоспарланған. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, алтыншы саммитке 11 мемлекет басшысы қатысады.

Айта кетейік, 12 қазан күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК-ні толыққанды ұйымға айналдыру үдерісі басталатынын айтты.Кеңесті шақыру туралы идеяны алғаш рет сол уақыттағы Президент Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылы қазан айында БҰҰ Бас Ассамблеясының 47-сессиясында жария еткен болатын. Нәтижесінде бұл идея Ұйым тарапынан және бірқатар Азияның негізгі елдерінен қолдау тапты. АӨСШК Еуразия құрлығында қауіпсіздікті қамтамасыз етіп, Азия елдері арасында достық, ынтымақтастық пен өзара тиімді қатынастар құруды мақсат етеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz