Жыл басында өңірдің ауыл шаруашылығы саласында 77 млрд. теңгеге 31 жобаны іске асыру жоспарланған болатын. Бұл жобаларға жыл бойы қолдау көрсетілуде, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жыл соңында, Қызылжар ауданында «Жаңа құс» құс фабрикасы ашылады. Құс фабрикасында тек Новокаменка ауылының тұрғындары ғана емес, сонымен қатар көрші ауылдардан да тұрғындар келіп жұмыс істей алады.
– Жобаға 1,7 млрд. теңге инвестиция құйылды. Негізгі бөлігін «Солтүстік» кәсіпкерлік корпорациясы қаржыландырды. 3 корпус және қасапхана салынды. Алдағы уақытта тағы 3 корпус салынады. Жаңа құс фабрикасында жылына 1,5 мың тонна құс еті әзірленеді. Дайын өнім қала дүкендерінде лайықты бағамен сатылуда. Қазір облыста жылына 15 мың тонна ет өндіретін тағы 2 құс фабрикасы салынуда, онда 250 жаңа жұмыс орны ашылады. Облысымыздың құс етіне қажеттілік 8,5 мың тонна екенін ескерсек, сұраныс толығымен жабылады, — деді Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов.