Қазақстанда газды немесе электр қару ұстауға 18 жастан асқан соң ғана рұқсат беріледі

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті қызметкерлері қаруға рұқсат ресімдегісі келетін адамдарға 11 қыркүйектен бастап заңнамаға өзгерістер енгізілгенін мәлім етті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, заңнамада жас шамасы өзгертілген. Енді өзін-өзі қорғау үшін тек 18 жастан бастап қана газды не электрлі қаруды иеленуге құқық берілген. Тегіс ұңғылы аңшы қаруына 21 жастан бастап рұқсат берілсе, иір ойықты мылтықты 3 жыл аңшылық тәжірибесі барлар және 24 жастан асқандар ғана ала алады.Медициналық талаптар да қатаңдатылды. Зорлық-зомбылыққа және құмар ойындарға бейімділіктің болуын анықтау үшін қазір 5 жылда бір рет психологиялық тестілеуден өтуді енгізу қарастырылып жатыр.

– Медициналық қарсы көрсетілімдері бар, сондай-ақ бірнеше құқық бұзушылық жасағандарға қару иелену рұқсатын тоқтату мүмкіндігі енгізілмек. Заңсыз қару және заңсыз есірткі айналымымен байланысты ауыр және аса ауыр қылмыстар, сондай-ақ террористік, экстремистік қылмыстар жасағаны үшін жауапқа тартылған адамдарға, соның ішінде жазасын өтеп шыққандарға да қару ұстауға өмір бойына тыйым салынған. Заңды тұлғаларға қаруды атуға жарамсыз жағдайда сақтау міндеттемесі енгізіледі, — дейді тәртіп сақшылары.

Қылмыстық және әкімшілік заңнамаға жаңа түсініктер енгізіледі: оқсыз атылатын қарудың негізгі (құрамдас) бөліктері азаматтық қаруға жатқызылады. Лақтырылатын, оқсыз атылатын, белгі беретін қаруларды және олардың негізгі (құрамдас) бөліктерін заңсыз пайдаланғаны, сондай-ақ елді мекендерде қаруды, оның ішінде оқсыз атылатын қаруды заңсыз қолданғаны үшін қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделген.
Заңнамаға енгізілген өзгерістер туралы adilet.zan.kz Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінен, СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі аккаунттарынан, сондай-ақ басқарманың 8 (7152) 49-37-43 немесе Петропавл қаласы ПБ әкімшілік полиция бөлімінің 8 (7152) 49-32-34 телефоны арқылы толық білуге болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz