СҚО-да фермер ауыл мен қызметкерлерге арналған спорт кешенін салуда

Авторы: Qyzyljar News

СҚО әкімі Есіл ауданына барған сапарында Ильинка ауылына соғып, жергілікті шаруашылықтың жұмысымен танысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Биыл жергілікті диқан 13 мың гектар жерге дән сіңіріп, мол өнім алыпты. Гектар берекелігі шамамен 24 центнерден айналған. Шаруашылық басшысының астықты шашау шығармай қамбаға құю үшін материалдық-техникалық паркін де жаңартқанын атап өткен жөн. Серіктестік басшысы Александр Бурлев мал шаруашылығымен де айналысып келеді. Қызметкерлердің жағдайын жақсартуды ұмытпаған ол осы жылы механизаторларға жаңадан үй салып беріпті. Қоныстой иелерін өңір жетекшісі арнайы құттықтады.

– Кез келген шаруашылықтың басшысы қарамағындағыларға жан ашыр болуы керек. Өз қалтасын ғана ойламай, еңбеккерлерінің де жағдайын жасауы тиіс. Елдің дамуына да үлес қосуы қажет. Сонда ғана ол табысқа жетеді. Александр Бурлев оны жақсы түсінеді. Қоныстарығыз құтты болсын,- деді облыс әкімі.

Сондай-ақ облыс әкімі бюджет қаражаты есебінен мектепте күрделі жөндеу жүргізілгенін, суды қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Тоғыз ауылды, оның ішінде Ильинканы республикалық трассамен байланыстыратын жол жөнделуде. Бір кездері Покровкадағы ауыл шаруашылығы колледжіне тиесілі болған мына ғимарат өткен ғасырдың соңында қаңырап бос қалған. Содан бері тоз-тозы шыққан нысан 2019 жылы ғана мемлекет меншігіне өтіпті. Ал биыл жазда мұнда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ғимарат мәдениет ордасына айналған. Оны қалыпқа келтіруге 40 млн. теңгеге жуық қаржы жұмсалды. Қазір мұнда балалардың спортпен айналысуына да жағдай жасалған. Оны елді мекенге келген облыс әкімі Құмар Ақсақалов та көрді.

Осы жерде покровкалықтар облыс әкіміне өз базыналарын жеткізді. Олар ауылішілік жолодарды қалыпқа келтіруді сұрайды. Бұл мәселені Құмар Ақсақалов алдағы уақытта қарастыратындығын жеткізді. Бүгіндері сең қозғалған. Қазір теріскейдегі 46 ауылда жол жөнделіп жатыр. Бұдан соң, өңір жетекшісі «Покровка-Ильинка-Мектеп» тасжолында төселіп жатқан асфальттың сапасын көрді.

– Жалпы 17,5 шақырымда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуі тиіс. Биыл жазда соның 7,5 шақырымында шаруа басталған. Мердігер компания — «Петропавл жолдары» ЖШС. Бүгіндері олар білгіленген мерзімде жолды тапсыруға үлгермей жатыр. Оған битумың жетіспеушілігі қолбайлау деді мұндағылар. Бұл жауап облыс әкімінің көңілінен шықпады. Құмар Ақсақалов алты ай қыста жай жатпай қажетті материалдарды сол уақытта алып алу қажет деді,- облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Фото: облыс әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz