Петропавлда 22 қазанда облыстың барлық аудандарының қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
— Жәрмеңкеде 130-дан астам азық-түлік және мал азығы ұсынылады. Оның ішінде бал, көкөністер, картоп, балық. Өнімнің жалпы көлемі — бір мың тоннаға жуық. Барлық өнімнің бағасы нарықтағыдан 15-20% төмен болады, — деп хабарлады облыс әкімдігі.
Жәрмеңке М.Жұмабаев көшесінде, Интернационал мен Пионерскаяға дейін, сағат 09.00-ден 16.00-ге дейін жұмыс істейтін болады.