Петропавлдағы көшелерді қардан тазарту жағдайы сын көтермейді

Авторы: Qyzyljar News

Өңір басшысы Құмар Ақсақалов Петропавл тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығының жұмысы сын көтермейтінін айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

— Жыл сайын абаттандыруға қомақты қаражат бөлеміз. Алайда, қарды шығарумен және жинаумен айналысатын кәсіпорындар жасалған жағдайды сақтау үшін қарапайым талаптарды сақтамайтынын көреміз. ТҮКШ қызметкерлерін қанша рет ауыстырығанмен түк пайдасы жоқ, — деді Құмар Ақсақалов.

Өңір басшысы Петропавл қаласының әкімі Руслан Аңбаевқа қар тазалау кезінде мүліктің бүлінуіне жауапкершілік шарасын анықтауды тапсырды. Қала басшысы әр тазалаудан кейін жергілікті полиция қызметімен бірге осындай фактілер өтетінін және жазылатынын айтты.

— Биыл бейнекамераларды, GPS-трекерлерді қолдану қажет. Қалада 400 камера бар, жақын арада тағы да сонша камераны орнатамыз. Кімнің қанша қар шығаратыны бейнекамераға жазылуы керек. Қар тұрғындарға қолайсыздық туғызбай тазалануы керек. Жұмыстар түнде жүргізіліп, таңертең қала қардан таза болуы керек, — деп атап өтті Құмар Ақсақалов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz