СҚО-да бір тәулікте 9 мас жүргізуші ұсталды

Авторы: Qyzyljar News

Солтүстік Қазақстан облысында бір тәулікте жолда жүру ережелерін бұзуға қатысты 356 дерек тіркелді. Соның 9-ында жүргізушілер көлікке мас күйде отырған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полицейлер Петропавлдағы Шухов пен Н.Назарбаев көшелерінің қиылысында сағат 04:50 шамасында 35 жастағы қала тұрғыны жүргізіп келе жатқан «Mercedes» автокөлігін тоқтатты. Іс-қимылы оғаш көрінген ер адам медициналық тексеруден өткеннен кейін, оның есірткіге еліткен күйі рөлге отырғаны анықталды. Ер адам әкімшілік қамауға алынып, 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылуы мүмкін.

Жалпы бір тәулік ішінде облыс жолдарында 9 мас жүргізуші ұсталды. Қазір өңір полицейлері 17 қазанда басталған «Мас жүргізуші» облыстық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында жұмыс істеп жатыр. Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жолдарда жасақтардың саны артып, тәртіп сақшылары түндегі патрульдеуді күшейтті.

– Бір тәулікте жол жүрісі қағидаларын бұзудың 356 дерегі анықталды. Көлік жүргізушілері негізінен қауіпсіздік белдігін тақпай, рульде отырып телефонмен сөйлеседі. Сәйкесінше 36 және 25 жүргізуші ұсталды. Сондай-ақ маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін 15 жүргізуші жауапқа тартылды. Бұл жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзуға жатады, жіберілген қателік жол қозғалысына қатысушылардың өмірін қиюы мүмкін екен естен шығармаған жөн, — дейді СҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Александр Розбах.

СҚО-да 9 айда жолда жүру ережесін бұзудың салдарынан 26 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 8 адам қаза тапты, 47 адам жарақат алды. Жылдамдықты асырғаны үшін 33 автокөлік жүргізушісі жауапкершілікке тартылды. Олар 14 жол-көлік оқиғасына себеп болған, салдарынан 1 адам қаза тауып, 21-і жарақаттанды. 7 жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінен өту ережелерін бұзды. Бұл 13 жол-көлік оқиғасына әкеліп, салдарынан 1 адам қаза тапты, 13 адам жарақаттанды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz