СҚО-да пәтер ұрлығы азайды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да пәтер ұрлығы азайды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы Руслан Данияровтың айтуынша, адамдардың басым бөлігі тұрғын үйді қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау тәсілдері туралы біле бермейді. Облыста бұндай қызметтерді 14 жеке күзет құрылымы көрсетеді. Олар қызметтерін қол жетімді етіп, көбі пәтерлерді белгілі бір мерзімге күзетке алуға дайын. Пәтер ұрлығынан сақтанудың заманауи мүмкіндіктері туралы халыққа жеткізу үшін полицейлер Петропавл қаласындағы тұрғын үйлердің чат әкімшілеріне хабарлама таратуда.

– Пәтер ұрлығының санын азайту – СҚО полиция департаментінің 2021-2023 жылдарға арналған мүлікті қорғау жөніндегі бағдарламасының маңызды бағыттарының бірі. Оны жүзеге асыру шеңберінде халықпен аталған ақпараттық жұмыс жүргізіледі. Қазіргі уақытта облыста 1173 пәтер мен үй күзетілуде, олардың 1151-і орталықтандырылған бақылау пультіне қосылған. Аталған объектілерде бірде-бір пәтер ұрлығы тіркелген жоқ, – деді Руслан Даньяров.

Криминалдық полиция қызметкерлері СҚО-да пәтер ұрлығының төмендегенін атап өтті. 9 айдың ішінде осындай 290 қылмыс, оның ішінде ауыр санаттағы заңсыз кірумен байланысты – 84 қылмыс тіркелген. Өткен жылдың ұқсас кезеңінде 391 пәтер ұрлығы тіркелді, оның ішіндегі 91-і ауыр санатқа жатады. Ұрлықтың төмендеуі – 25,8 %, пәтер ұрлықтарының ашылуы – 79,3 % құрады. Полицейлер мүмкіндігінше кәсіби күзетшілердің қызметін пайдалануға, көппәтерлі үйлердің кіреберістері мен аулаларда бейнебақылау камераларын орнатуға, мықты құлыптарды пайдалануға, бірінші қабаттағы тұрғындарға – терезелерге темір торларды орнатуға кеңес береді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz