СҚО тұрғыны өзі жасамаған бұзушылық үшін айыппұл туралы хабарлама алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ведомство басшысының атына зейнеткерден өтініш хат келіп түскен. Зейнеткердің жұбайы қоғамдық жерде ішімдік ішкені үшін айыппұл туралы хабарлама алған. Алайда, қарт азамат бұл іске қатысы жоқ. Өтініштен кейін полицейлер тексеру жүргізіп, айыппұл алынды, ал хабарлама осы бұзушулыққа тікелей қатысы бар адамға жіберілді. Полицейлердің айтуынша, бұл түсініспеушілікке техникалық ақау себеп болған. Зейнеткер әкімшілік полиция қызметкері Ринат Багаутдинов жағдайды түзеуге көмектескенін айтты.