Петропавлда «Qyzyljar Development Days» үш күндік конференциясы өтуде

Авторы: Qyzyljar News

«Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы СҚО бойынша филиалы жанындағы іскер әйелдер кеңесі кәсіпкер нәзік жандылардың экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту мәселелеріне арналған «Qyzyljar Development Days» үш күндік конференциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Іс-шара республика күніне орайластырылып, СҚО кәсіпкерлер палатасының, облыстық әкімдіктің, СҚО Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы филиалының қолдауымен өткізілуде.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, конференцияның негізгі мақсаты — әйелдер кәсіпкерлігін жандандыру, ауыл әйелдерінің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту, депутат әйелдердің рөлі мен әлеуетін күшейту. Бағдарлама 20-22 қазан аралығында өтетін үш сессиядан тұрады. Іс-шараға әйелдер кәсіпкерлігі субъектілері, аудандық, қалалық және облыстық мәслихаттардың депутаттары, СҚО әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық демография жөніндегі өңірлік ұлттық комиссияның мүшелері, банк саласының, ҮЕҰ және түрлі комиссиялардың басшылары қатысады.

— Біз әйелдердің дамып, қиындықтарды еңсере жеңіп, өскенін қалаймыз. Сондықтан олар үшін «Qyzyljar Development Days» үш күндік даму күндерін ұйымдастырдық. Менің ойымша, бұл бизнес субъектілері үшін ғана емес, мемлекеттік қызметші әйелдер мен депутаттар үшін де пайдалы болады, — дейді СҚО Кәсіпкерлер палатасы жанындағы іскер әйелдер кеңесінің төрағасы Әсел Есжанова.

СҚО Кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Бекеевтың айтуынша, республикада іскер әйелдер кеңестерін құру жақсы идея болды.

— Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысында 142 мыңға жуық әйел жұмыс істейді. Олардың жартысына жуығы өз бизнесімен айналысады. Кәсіпкер әйелдер экономикаға елеулі үлес қосуда. Жаңадан кәсіпорындар құрып, өнімдер шығаруда. Сонымен қатар, біздің өңірде өзін-өзі жұмыспен қамтығандар ретінде 38 мыңнан астам әйел тіркелген. Мемлекет те бизнеске жан-жақты қолдау көрсетеді. Қаржылық және қаржылық емес қолдаудың түрлі құралдарының арқасында кәсіпкерлер өсіп, дамуға мүмкіндік алады, — деп атап өтті Тимур Бекеев.

Конференцияның пленарлық сессияларында үш күн бойы өңірдің іскер әйелдері мен жергілікті және шақырылған сарапшылар әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мәселелерін талқылайтын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz