Ұлттық ұлан сарбаздары Петропавлдағы тұрғын үйлердің бірінің жанында газ шығып жатқанын анықтап, апаттың алдын алды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
20 қазан күні сағат 20:15 шамасында Е. Брусиловский көшесіндегі патруль кезінде Иван Шалавин, Никита Корнеев пен Нұрасыл Оралхан газдың иісін сезіп, байланыс құралдары арқылы әскери нарядтар бойынша кезекшіге дереу хабарлаған. Бұнымен қоса оқиға орнына тез арада төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері де шақырылып, олар газдың шығуы ықтимал аумақты қоршау туралы шешім қабылдады.
10 минуттан кейін оқиға орнына апаттық қызмет те келіп, жөндеу жұмыстарын жүргізді. Олар сарбаздарға қырағылығы үшін алғыстарын жеткізді.