СҚО-да 23-ші сүт фермасы іске қосылды

Авторы: Qyzyljar News

СҚО-да күзде дәстүр бойынша жаңа сүт фермалары іске қосылады. 4 жылдың ішінде облыста 22 сүт –тауарлы ферма пайдалануға берілді. Бұл елде салынған фермалардың жартысы, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Мағжан Жұмабаев ауданында 23-ші сүт фермасы іске қосылды. Жастар ауылында жас шаруа Арман Уатаев 1,5 жылда 600 басқа арналған сүт фермасын салып алды. Бұл кешенде жылына 3,5 мың тонна сүт өндірілмек. Жоба мемлекеттің қолдауымен жүзеге асты. Бұл ауданда салынған бесінші ферма. Сол ауданда алтыншы кешенді «Земля Возвышенки» серіктестігі салады,- деді СҚО әкімі Құмар Ақсақалов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Өңір басшысының айтуынша, жаңа ферма Жастар ауылының негізгі кәсіпорнына айналмақ. Мұнда жыл бойына 30 ауыл тұрғыны еңбек ететін болады. Жазда ауыл тұрғындары мал азығын жинауға тартылады. Осындай бір кешен бүкіл ауылдың өсу нүктесіне айналады. Биыл облыста сегіз ауылдың маңына шоғырланған 8 жаңа өнеркәсіптік сүт фермасын іске қосылады. Барлығы 17 кешен салынып жатыр.

– Сүтті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы өз жемісін беруде. Қазір облыс республикадағы сүт өнімдерінің жалпы көлемінің 25 % өндіреді. Жыл сайын СҚО-ның үлесі ұлғая бермек. Бір жыл ішінде дайын сүт өнімдерінің көлемі 130 мың тоннадан 170 мың тоннаға дейін өсті. Облыста барлығы сүт өнімдерінің 150 түрі шығарылады,- деді Құмар Ақсақалов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz