Солтүстік Қазақстан облысының тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне Wildberries интернет-дүкенінің ақшаны қайтармағандығына 45 адам шағым түсірді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ведомствоның мәліметінше, мәселелер биылғы жылы «Visa» және «Mastersard» халықаралық төлем жүйесі тарапынан санкциялардың енгізілуіне және маркетплейс жүйесіндегі көптеген техникалық іркілістерге байланысты туындады.
– Ресей Федерациясындағы Wildberries өңірлік өкілдерімен өзара іс — қимыл жасау арқылы департамент қызметкерлері жалпы сомасы 1,6 млн. теңгеге 42 тұтынушыға ақшаны қайтаруға көмек көрсетті, — деп хабарлады департамент.
Ведомствода тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша «жедел желі» 8(7152)53-42-32 телефонына хабарласуға, Telegram-Bot @kzpp_bot, «e-tutynushy» бірыңғай ақпараттық жүйесі, «е-otinish» ақпараттық жүйесі арқылы электрондық және жазбаша өтініштер жіберуге болатынын еске салды.