Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы сайлау кезеңінің басталуына байланысты қызмет өткерудің күшейтілген кезеңіне көшті. Қадағалау органында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Ведомствоның мәліметінше, сайлау заңнамасын бұзғаны үшін прокуратура органдарына шағымдар мен өтініштер түскенге дейін заңсыз бейбіт жиналыстар болған жоқ.
— Ақпараттық кеңістікте әртүрлі тақырыптар бойынша жалған ақпарат тарату фактілері жиілеп кетті. Бұнымен қатар, олар блогерлердің арандатушылық мәлімдемелерімен және құқық бұзушылық белгілері бар пайдаланушылардың пікірлерімен бірге ұштасады. Азаматтардың ар-намысы мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін жалған хабарламалар жалған қоғамдық пікірді қалыптастырып қана қоймай, қоғамдық құқықтық тәртіпке теріс әсер етеді. Мұндай жалған ақпаратты таратуды негізінен блогерлер өздерінің және үшінші тұлғалардың мүдделері үшін әдейі жүзеге асырады. Олардың мақсаты — бопсалау арқылы материалдық пайда табу,-деп атап өтті прокуратураның баспасөз қызметі.
Қадағалау органының қызметкерлері ұлттық алауыздықты қоздыруға, бопсалау және жалған ақпарат таратуға бағытталған мұндай іс-әрекеттер жазаланатынын еске салды. Прокуратура қолданыстағы заңнаманы сақтауға, арандатушылыққа жол бермеуге және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.