Петропавлдағы Оқушылар сарайында Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті

Авторы: Qyzyljar News

Петропавлдағы Оқушылар сарайында Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. Оған облыс әкімі Құмар Ақсақалов қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

— Бұл күн — еліміздің тәуелсіздік алуына жасалған ең алғашқы нық қадам. Мемлекет басшысының республика күнін жаңғырту туралы шешімін қызылжар өңірі де қуана қолдады. Егеменді ел ретінде көк байрағымыз желбіреп, тәуелсіз ел ретінде мемлекетіміз дамып, басқалармен терезесі теңелді. Тәуелсіздік жылдары елімізде экономикалық және саяси қатынастар жүйесі қалыптасты. Осы уақыт ішінде Қазақстан құқықтық-демократиялық ел ретінде әлемге танылды. Қоғамды демократияландыру бағытында нақты қадамдар жасалды. Биыл өткен жалпыхалықтық референдумда солтүстікқазақстандықтар мемлекеттік басқарудың заманауи моделіне қолдау білдірді, — деген облыс әкімі Құмар Ақсақалов елдің дамуына, өңірдің гүлденуіне елеулі үлес қосқан бірқатар азаматтарды марапаттады.

Олардың қатарында серіктестік басшылары, ауыл шаруашылығы мамандары, зауыт жұмысшылары, білім саласының өкілдері, спортшылар мен өнер иелері бар. Мәселен, Аққайың ауданындағы “Полтавское” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Елтай Зікірин «Парасат» орденімен марапатталды. Соңғы 4-5 жылда ауылдың әлеуметтік жағдайын көтеруге 750 млн.теңге қаржы құйған серіктестік жаңа үйлер салып, асфальт төсеп, фельдшерлік-амбулаторлық пункт пен балабақша салып, мемлекет меншігіне берген. Марапаттау салтанатынан кейін арнайы шақыртылған қонақтар мен жергілікті өнер мерекелік концерт тарту етті.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz