СҚО әкімі Құмар Ақсақалов солтүстікқазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
— Құрметті жерлестер! Баршаңызды еліміздегі ең ұлық мереке — Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Ұлттық мерекеміз араға 13 жыл салып, ортамызға қайта оралды. Бұл егемендік пен тәуелсіздікке бастау болған қасиетті күн. Биылдан бастап мейрамды күллі ел болып жаңа мазмұнда атап өтіп жатырмыз. Әр отбасыға береке мен бірлік, республикамызға даму мен татулық тілеймін. Республика күні құтты болсын!-деп жазды Құмар Ақсақалов әлеуметтік желідегі парақшасында.