Петропавлда ер адам тұрғын үйдің терезесінен құлаған сәті сыртқы бақылау камераларына түсіп қалған, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Әуезов көшесіндегі тұрғын үйдің терезесінен жас жігіттің құлауы туралы кадрлар жарияланды. Полицейлер видеоға түсініктеме беріп, оларға болған оқиға туралы ақпарат түспегенін атап өтті.
– Әуезов көшесінде адамның терезеден құлағаны туралы хабарлама полиция басқармасының 102 жедел арнасына түскен жоқ. Қазіргі уақытта полицейлер бұл оқиғаның мән-жайын анықтауда,- делінген облыстың полиция департаменті жариялаған хабарламада.
Фото: СҚО ПД