Теннисші Тимофей Скатов Перудегі жарысты сәтті бастады

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстанның екінші, әлемнің 146-ракеткасы Тимофей Скатов Перудің Лима қаласында өтіп жатқан челленджер турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жарыстың 8-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін рейтингіде 639-орында тұрған перулік Гонзало Буэномен өткізді. Т.Скатов қарсыласын 6:4, 6:1 есебімен ұтты. Бір сағат 20 минутқа созылған бәсеке барысында Тимофей 6 брейк-пойнттың бесеуін мүлт жіберген жоқ. Енді Тимофей Скатов жүлде қоры 50 мың АҚШ долларынан асатын доданың ширек финалына шығу үшін әлемнің 162-ракеткасы, аргентиналық Сантьяго Родригес Тавернамен таласады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz