Полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерде тараған бейнежазбаға түсіп қалған ер адамды анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
— Аталған факт 15 қазан күні таңертең болған. Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның 38 жастағы тұрғыны бір күн бұрын Петропавлға жеке шаруаларымен келіп, Әуезов көшесіндегі үйдің екінші қабатында пәтер жалдаған. Пәтерде жалғыз болып, ішімдік ішкен көрінеді. Балконға темекі шегуге шыққаннан кейін ер адам тепе-теңдігін жоғалтып, баспалдаққа құлаған. Біраз уақыттан кейін өзіне келіп, пәтерге өз бетінше қайта оралған. Ер адамның ешкімге шағымы жоқ, медициналық көмекке жүгінбеген. Қазіргі уақытта жағдайы қалыпты, — деді Петропавл қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімі бастығының орынбасары Сейілбек Елжасов.