Қазақстанның Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені 16%-ға дейін көтерді

Авторы: Qyzyljar News

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 п.т. пайыздық дәлізімен жылдық 16%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады. Тиісінше, өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 17%, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме – 15% болады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– Шешім мөлшерлеме траекториясын түзетеді, ол алдыңғы шешімдер мен коммуникациялар бойынша айқындалған бағыт пен қарқынды сақтайды. Мөлшерлеменің артуы өсіп отырған инфляциялық қысымды көрсететін факторлардың жиынтығына байланысты. Қыркүйек айының нәтижесі бойынша инфляция болжамнан айтарлықтай асып түсті. Шешім қабылдауға негізгі факторлар жоғары инфляциялық күтулер, орнықты сұраныс, фискалдық серпін, тұрақты тауар жеткізу жолдарына қайта бағыттауға байланысты өндіріс шығасыларының өсуі, сыртқы инфляцияның жалғасып отырған әсері, оның ішінде сақталып отырған Ресей рублі бағамының күшеюі болды. Жоғарылаған инфляциялық күтулер баға мен тұтынуға қысым жасайды. Мұның бәрі 2023 жылы инфляциялық процестердің бақылануын сақтау үшін барынша қатаң ақша-кредит талаптарын қажет етеді,- делінген Қазақстан Ұлттық банкінің баспасөз қызметі жариялаған ақпаратта.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz