СҚО-да жастар арасында экстремизмнің алдын алу шарасы өтті

Авторы: Qyzyljar News

СҚО полицейлері жастар арасында экстремизмнің алдын алуда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Жастармен жұмыс – СҚО ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы қызметінің маңызды бағыттарының бірі. СҚУ колледжінің 2-курс студенттеріне полицейлер облыстық ішкі саясат басқармасының өкілдерімен “Әлемдік қауіп – террор” тақырыбында диалог өткізді.

Іс-шара Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасының coworking-орталығы базасында өтті. Жастарға радикалды сипаттағы деструктивті діни ағымға түсуге әкелетін экстремистік көзқарастардың таралу мен әлеуметтік желі арқылы адамдарды тарту қаупі туралы ескертілді. Диалог барысында кітаптар көрмесі ұйымдастырылып, оған Қазақстан мен дүниежүзінде болған терактілермен, терроризммен күресі шаралары, бұл күрестің еліміздегі рөлін таныстыратын әдебиеттер, мерзімді басылымдар, фотоматериалдар көрсетілді. Әңгімені бекіту үшін тарихта болған жойқын терактілердің бірі туралы “Беслан – прерванный урок” атты бейнефильм көрсетілді.

– Қоғамның қорғалуы құқықтық сауаттылықтан, заңға құрмет көрсетуден басталады. Сондықтан полиция қызметкерлері дін саласын реттейтін заңнаманы бұзғаны үшін көзделген жауапкершілік туралы еске салады. Мысалға, облыста жыл басынан заңсыз діни материалдарды таратудың 22 фактісі анықталды. Естен шығармаған жөн: мұны тек ғибадат үйлерінде, діни білім беру ұйымдарында таратуға рұқсат етілген. Кәсіпкерлер осы материалдарды тарату үшін жергілікті атқарушы органдардан рұқсат алуы қажет. Сонымен қатар, дін мәселесі бойынша тек ресми ақпарат көздеріне сенуге, Қазақстан Республикасы заңнамасын біліп, сақтауға шақырамыз, – дейді СҚО ПД ЭҚІҚБ бастығы

Фото: СҚО ПД баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz