Хоккейден ел біріншілігі аясында «Qulager» клубы өз мұз айдынында көкшетаулық «Арлан» командасын қабылдады. Бірінші кездесу қонақтардың жеңісімен аяқталды,деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бұл ойында қос команда да жеңістен дәмелі екендіктерін кездесу барысында дәлелдеуге тырысты. Көпке дейін клубтардың ойыншылары есепті аша алмады. Бірде қақпашылардың шеберлігі арқасында шайба қақпаға дарымаса, бірде қырағы қорғаушылар шабуылшылардың жойқын соққыларына тосқауыл қоя білді. Осылайша матчтың екі кезеңі де 0:0 есебімен аяқталды. Тек үшінші бөлімде нысанаға дәл соққы жасаған Данила Карабань көкшетаулықтарды алға шығарды. Қорытынды есеп 0:1. «Арлан» клубы кезекті ұпайларына қол жеткізді.
Фото: ашық дереккөздерден.