«Qulager» клубы өз айдынында көкшетаулық «Арлан» командасын қабылдады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Хоккейден ел біріншілігі аясында «Qulager» клубы өз мұз айдынында көкшетаулық «Арлан» командасын қабылдады. Бірінші кездесу қонақтардың жеңісімен аяқталды,деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бұл ойында қос команда да жеңістен дәмелі екендіктерін кездесу барысында дәлелдеуге тырысты. Көпке дейін клубтардың ойыншылары есепті аша алмады. Бірде қақпашылардың шеберлігі арқасында шайба қақпаға дарымаса, бірде қырағы қорғаушылар шабуылшылардың жойқын соққыларына тосқауыл қоя білді. Осылайша матчтың екі кезеңі де 0:0 есебімен аяқталды. Тек үшінші бөлімде нысанаға дәл соққы жасаған Данила Карабань көкшетаулықтарды алға шығарды. Қорытынды есеп 0:1. «Арлан» клубы кезекті   ұпайларына қол жеткізді.

Фото: ашық дереккөздерден.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz