ТМД елдері қашқын жемқорларды бір-біріне беруге келісті

Авторы: Qyzyljar News

14 қазанда ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтіп, оның аясында мемлекет басшылары келісімге қол қойды. Оған сәйкес, ТМД елдері қашқын жемқорларды бір-біріне беруге келісті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ведомствода атап өткендей, бұл құжат сонау 2008 жылы әзірленіп, тек 2022 жылы ғана тараптар соңғы нұсқасын келісіп, жоғары деңгейде қол қойған. Сондай-ақ, келісімнің жұмыс істеуі құқық бұзушылыққа қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы келісілген саясатты әзірлеуге және жүзеге асыруға ықпал ететіні айтылды.

Келісімнің қолданылуы құқық бұзушылықтармен күресте ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында келісілген саясатты әзірлеуге және жүргізуге ықпал ететін болады, атап айтқанда:

— сыбайлас жемқорлық туралы қылмыстық істер бойынша жәрдем көрсетілетін;
— сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша үйлестірілген және келісілген жедел-іздестіру, жедел-профилактикалық іс-шаралар және арнайы операциялар жүргізілетін;
— сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды іздестіру, ұстау және ұстап беру, сыбайлас жемқорлықтан түскен кірістерді қайтару саласында ынтымақтастықты жүзеге асырылатын;
— сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында ақпараттық жүйелер құрылатын және пайдаланылатын;
— сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық стратегиялары, бағдарламалары мен жоспарлары әзірленетін;
— сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерімен алмасу жүзеге асырылатын;
— кадрлардың біліктілігі арттырылатын және тағы басқалары жүзеге асырылатын болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz