Петропавлға күн сайын 500-ден 1000 тоннаға дейін көмір жеткізіледі. Бұл туралы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қала әкімдігінің мәліметінше, 28 қазанда қаланың екі тұйығында мың тоннаға жуық көмір бар. Оның ішінде 280 тоннасы «Қаражыра» және 700 тоннасы «Шұбаркөл» маркалары. Біріншісінің құны тоннасына 16 мың теңгені, екіншісінің құны – 14,9 мың теңгені құрайды.
— Көмір күн сайын 500-1000 тонна көлемінде түседі. Жанармай тапшылығы мен тұйықтарда кезек жоқ. Қаланың жеке секторының көмірге деген қажеттілігі 70 мың тоннаны құрайды ,-деп хабарлады баспасөз қызметі.