Футболдан ел біріншігінің 25-ші туры аясында жергілікті «Qyzyljar» клубы өз алаңында елордалық «Астана» командасын қабылдады. Тартысқа толы ойын қонақтардың пайдасына шешілді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Кездесу бастылысымен жерлестеріміз қарсылас қақпасын нысанаға алды. Алайда қонақтардың қақпашысы тепкен доптың бәрін қайтарды. Солтүстіктікқазақстандық аяқдопшылар қанша шабуылдаса да, есепті «Астана» ойыншылары ашты. Матчтың 40-шы минутында Абат Айымбетов алғашқы голды соқса, Педро Эуженио 59-шы минутта есепті еселеді.
Қатарынан төрт ойында жеңіске жеткен елордалық команда турнир кестесінде бірінші орынға көтерілсе, «Qyzyljar» командасы 12 орынға сырғыды. Соңғы турда жерлестеріміз өз алаңында «Каспий» командасын қабылдайды.