Полицейлер Петропавл тұрғынынан ойық қару алды

Авторы: Qyzyljar News

Полицейлер Петропавл тұрғынынан ойық қару алды, деп  хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ауқымды жұмыстар жүргізуде. Оның ішінде заңсыз қару айналымы саласы да бар. Тіркелмеген қару ауыр зардаптарға ғана әкеп соқтырмайды, криминалдық мақсатта қолдану үшін ұрлануы әбден мүмкін. Аталған жұмыс аясында 58 жастағы петропавлдықтан тіркелмеген 5,6 мм колибрлі патронға шақталған жалғыз ойық ұңғысы бар Белка мылтығы анықталып, алынды. Ер адам аңшы болып табылады және оның тіркелген екі мылтығы бар екен. Дегенмен, Белка қаруын ешбір қауіпсіздік нормаларын сақтамай, тоңазытқыштың артына қойған. Оның айтуынша, мылтықты орманнан тауып алған.

– Заңсыз сақтаудағы қару алынып, сараптамаға жіберілді. Аталған факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Сондай-ақ аңшыға тіркелген қару да алынды, оның құқық беру қолданысы тоқтатылатын болады, – дейді СҚО ПД ҰҚҚКБ бастығы Жандос Басыбаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz